A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Биыл 1411 байланыс орталығы миллионға жуық әлеуметтік кеңес берді

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк-еңбек саласы бойынша 1411 бiрыңғай байланыс орталығы биылғы 9 ай iшiнде азаматтарға 912 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсеттi.

Бұл орайда ең көп қойылған сауалдар 42 500 теңге әлеуметтiк төлемiне (400 мыңнан астам), зейнетақы және әлеуметтiк қамсыздандыруға (356 мыңнан астам), сондай-ақ әлеуметтiк мекенжай көмегiне (50 мыңнан астам) қатысты болған.

Қазақстанда әлеуметтiк қызметкерлердiң кәсiби мерекесi қазан айының соңғы жексенбiсiне белгiленген. Бұл күн 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президентiнiң жарлығына сәйкес бекiтiлдi. Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында жұмыс iстеп жатқан 22 мыңнан астам адамның 2 мыңнан астамы — әлеуметтiк блоктың қызметкерлерi.

«Корпорацияның әлеуметтiк саладағы рөлi тек қана 1411 байланыс орталығымен шектелмейдi. Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру саласында төлемдердiң 44 санаты бойынша 15 мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Соның iшiнде декреттiк төлемдер, бала туу мен бiр жасқа дейiнгi күтiмi бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдер бар», — дедi мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Бiржан Жүнiсов.

Айта кету керек, биылғы 9 ай iшiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» әлеуметтiк блогының мамандары 20,3 млн төлем жасаған. Кең тараған қызметтерге тоқталсақ, баланың тууы менбiр жасқа дейiнгi күтiмiне қатысты жәрдемақы–315 397,бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтiк төлем — 206 082, жүктiлiкке және босануға байланысты әлеуметтiк төлем –154 499.

Мақаланың шыққан күні: 28.10.2020 22:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.10.2020 22:58
Қаралым саны: 84
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43