A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ көрсететiн онлайн қызметтердiң танымалдылығы 15,2 пайызға өстi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 1 тамызына қарай өз салымшыларына 10,7 миллион қызмет көрсеттi. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус iндетi (COVID-19) белең алған тұста қауiптi вирустың таралуына жол бермеу, қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бiрқатар шектеу шаралары қабылданды. Атап айтқанда, БЖЗҚ өз салымшыларына қызметтердi толық көлемде ұсынуды жалғастырды. Өткен жылмен салыстырғанда, көрсетiлген қызметтердiң шамалы өсуi байқалды. Мәселен, 2020 жылы Қор салымшылары 2019 жылға қарағанда 106 мың қызметтi көбiрек алды (өсiм 1%).

Жаңа технологиялардың дамуы мен электрондық жүйелердiң озық жұмыс iстеуiнiң арқасында барлық қызметтердiң 92,2% немесе 9,86 млн. операция онлайн түрiнде жүргiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердiң танымалдылығы 15,2% өстi. Қазiргi уақытта Қор салымшыларының көпшiлiгi қызметтердiң толық спектрiн үйден шықпай-ақ алады. Атап айтсақ, сайт пен БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттiң көмегiмен әрбiр адам жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алып, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтаманы да оп-оңай алуға болады. Сондай-ақ, 1 немесе 2 топтағы мүгедектiк мерзiмсiз уақытқа белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш берiп, төлемге және (немесе) көшуге қатысты өтiнiштiң мәртебесiн бақылау және тағы басқа қызметтерге де еш қиындықсыз қол жеткiзуге болады.

Кейбiр өңiрлерде алдын ала жазылу бойынша күндiзгi қызмет көрсету режимi сақталғанына қарамастан (филиалдың барлық қызметкерлерiнiң 50% аспайтын санын жұмыспен қамту арқылы), қалған облыстарда БЖЗҚ бiрқатар шектеу шараларын қарастырды. Салымшылардың бiр бөлiгiне қызмет әлi де Қор кеңселерiнде көрсетiледi. 2020 жылдың жетi айында бiздiң филиалдарда 762,8 мың қызмет ұсынылды.

БЖЗҚ-да барып қызмет көрсететiн бөлiмдер де бар, олар 1 тамызға қарай салымшыларға 74,3 мың қызмет көрсеттi. Қазiргi уақытта бұл бөлiм қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтап, штат санының 50% аспайтын қызметкерлердi тарта отырып, жұмыс iстеуде. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде онлайн немесе күндiзгi қызметтердi алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтiнiштердi (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштердi) ресiмдеу және халықтың әлеуметтiк осал топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) (1-2 топтағы мүгедектер) барып қызмет көрсету қажеттiлiгi туындаған жағдайда, олар барып қызмет көрсетудi барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады.

БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметiн ұсыну және Қор салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамыту. Мәселен, ағымдағы жылдың 7 айында өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда салымшылардың керi байланыс арналары бойынша өтiнiштерiнiң саны 2019 жылы 347,2 мың болса, 2020 жылы ол 825,3 мың өтiнiшке, яғни 2,4 есе өстi.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн), сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративтiк сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsApp және Viber чат-боттары арқылы және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлердегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан зейнетақы жүйесiне қатысты түрлi кеңестер ала алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 01.10.2020 14:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2020 14:43
Қаралым саны: 127
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43