A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ-дан берiлетiн ең төменгi ай сайынғы төлем мен бiржолғы төлем мөлшерi ұлғайтылды

 2020 жылдың 9 сәуiрi

Қазақстан Республикасының Президентi Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында және ҚР «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға 2020 жылдың 1 сәуiрiнен бастап ең төменгi зейнетақы (ТЗ) мөлшерiн 38 636 теңгеден 40 441 теңгеге дейiн, ең төменгi күнкөрiс (ТК) шамасын 31 183 теңгеден 32 668 теңгеге дейiн ұлғайту көзделген өзгерiстер мен толықтырулар негiзiнде БЖЗҚ-дан берiлетiн мына төлемдер мөлшерi арттырылды:

- төлем кестесi бойынша ай сайын жүзеге асырылатын ең төменгi төлем мөлшерi 17 640,72 теңге (төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54%) (бұрын 16 838,82 теңге болған),

- бiр рет бiржолғы берiлетiн зейнетақы төлемiнiң мөлшерi, яғни өтiнiш берген күндегi зейнетақы жинағының сомасы ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспайтын соманы құраған жағдай, — 485 292 теңге (бұрын 463 632 теңге).

Бұған қоса мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң (базалық зейнетақы) және мемлекеттiк бюджеттен төленетiн жасына байланысты зейнетақы төлемiнiң мөлшерi ұлғайтылды.

Базалық зейнетақының ең төменгi мөлшерi жиынтық еңбек өтiлi мен зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жылдан кем мерзiмдi құрайтын адамдар үшiн ендi 17 641 теңгеге (бұрын 16 839 теңге) тең. Әрбiр еңбек еткен жылы үшiн төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 2% қосылады. Еңбек өтiлi 33 жыл және одан көп болса, базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшерi төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100% немесе 32 668 теңгенi құрайды.

Ең төменгi зейнетақы мөлшерi 40 441 теңгеге дейiн өстi, бұл жасы бойынша есептелген зейнетақы төлемiнiң толық көлемдегi мөлшерi ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен кем емес көлемде тағайындалатын адамдарға қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зейнетақы мен мемлекеттiк жәрдемақыларды 10% жылдық мәнге индекстеу жүргiзiлдi.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейiн 5%–ға, ал жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн 7%-ға (инфляция деңгейiнен 2%-ға озумен) ескере отырып, базалық зейнетақы мөлшерiн жыл сайынғы индекстеу жүргiзiлдi.

2020 жылдың 1 сәуiрiнен бастап жасы және еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi алып отырған көлемнен қосымша 5%-ға артты.

Осылайша қазақстандықтардың базалық зейнетақы төлемдерi, жасына байланысты зейнетақы төлемдерi және БЖЗҚ-дан берiлетiн жинақтаушы зейнетақы төлемдерiнiң жиынтық мөлшерi өстi.

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 19.05.2020 13:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.05.2020 13:43
Қаралым саны: 209
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43