A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Проактивті қызметтер- бұл өте ыңғайлы

2020 жылдың 9 айы аралығында электронды үкiмет порталы egov.kz. арқылы Ақмола өңiрiнiң тұрғындарына әлеуметтiк салада 5578 қызметтер көрсетiлдi, — «Азаматтарға арналған үкiмет» облыстық филиалының баспасөз-қызметi хабарлайды. Өткен жылдың ұқсас кезеңi аралығында портал арқылы 1672 қызмет көрсетiлдi. Осы сандар қызметтердi онлайн түрде алу процессi кең таралып қана қоймай, ол қазiргi таңда аса ыңғайлы екенiн көрсетiп отыр.

«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы 2019 жылы зейнетақы, базалық зейнетақы төлемiн және БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн

ресiмдеу бойынша пилотты жобаны iске қосты.

Пилотты жобаның бiрiншi кезеңiнде тек госкорпорацияның өз қызметкерлерi ғана қатысты.

Жаңа қызметтiң мәнi болашақ зейнеткерлерге зейнетақыны тағайындау бойынша қызметтердi ресiмдеу үшiн мiндеттi түрде ХҚКО бару қажет емес. Осы жағдайда әлеуеттi зейнеткерге зейнетақы жасына жеткенге дейiн 10 күн аралығында қызметтi проактивтi тәсiлмен ресiмдеудi ұсынумен SMS-хабарлама келедi.

Келiсiм берген жағдайда тек «иә» сөзiн енгiзiп, жауапты SMS жолдау қажет. Қызметтi осы тәсiлмен ресiмдеуде ең алдымен еңбек шарттарын есепке алудың бiрыңғай жүйесiне енгiзу үшiн жұмыс орны бойынша кадр бөлiмiне өз еңбек қызметi туралы мәлiметтi ұсыну қажет. Сонымен қатар әлеуеттi зейнеткер Мобильдi Азаматтар Қорында (МАҚ) мiндеттi түрде тiркелуi және «Қазпошта» АҚ ашылған шоты болуы қажет.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК Ақмола облысы бойынша филиалы 2019 ж. проактивтi тәсiлмен зейнетақы төлемiн, базалық зейнетақы төлемiн және БЖЗҚ төлемдi тағайындауда ҚР бойынша бiрiншiлiкте болғандығын атап өту жөн. 2019-2020 жж.аралығында төлемнiң аталмыш түрлерi проактивтi тәсiлмен филиалдың алты қызметкерiне тағайындалды.

Пилотты жобаның нәтижелерi бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» МК басқа ұйымдарға тарату мүмкiндiгiн қарастырады.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқалармен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелi «Ана даңқы» ордендерiменк наградталған көп балалы аналарға мемлекеттiк жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттiк қызметтi проактивтi түрде көрсету бойынша пилотты жобаны iске қосу басталды.Проактивтi қызметтi көрсету процессi «Мемлекеттiк наградалар» ақпараттық жүйесiнен «Алтын алқа» және «Күмiс алқа» алқаларымен алғашқы рет наградталған, көп балалы аналар туралы ақпарат түскен кезден бастама алады. Мобильдi азаматтар қорында тiркелген қызмет алушыға аталмыш қызметтi проактивтi түрде ресiмдеудi ұсынумен SMS-хабарлама келедi. Келiсiм алынғаннан кейiн банкiлiк шотты растау туралы келесi хабарлама келедi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi басқа мәлiметтер мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен келiп түседi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк қызметтердiң проактивтi тәсiлмен көрсету саласын әрқашан кеңейтiп отырғанын атап кету қажет. Бүгiнгi таңда осындай тәсiлмен келесi қызметтердi алуға болады: мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны тағайындау, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны тағайындау, «Халық қаһарманы» атағына ие және «Қазақстанның Еңбек ерi» атағына ие тұлғалар санаттары бойынша арнайы мемлекеттiк жәрдемақыны тағайындау, республикалық бюджеттен баланың тууы және бала күтiмi бойынша жәрдемақыны тағайындау. Сонымен қатар проактивтi тәсiлмен «ӘСМҚ» АҚ төлемдердi ресiмдеуге болады: еңбек қабiлетiнен айырылу жағдайына байланысты төлем, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтiк төлем, жұмыстан айырылу және бала күтiмiне байланысты төлем.

Өткен кезең аралығында проактивтi нысанда 3936 мемлекеттiк қызмет, ал 2019 жылы 2898 қызмет көрсетiлдi.

Мемлекеттiк қызметтердi проактивтi нысанда алудың артықшылықтары кезектiң жоқтығы және мемлекеттiк қызметтi кез келген ыңғайлы уақытта, үйден шықпай-ақ ресiмдеу мүмкiндiгi болып табылады.

Мақаланың шыққан күні: 22.10.2020 10:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.10.2020 10:39
Қаралым саны: 102
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43