A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Бес сұрақ. Желтоқсан

1. Қайырлы күн, осыдан екi апта бұрын мен күйеуiммен ажырастым. Ендi бiздi алда сот күтiп тұр. Мүлiктердi бөлiсемiз. Менiң сұрайын дегенiм, зейнетақы жинақтары жұбайлардың бiрге жинаған ортақ мүлiгi болып табыла ма?

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексiне сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезiнде жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып табылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың екеуiнiң келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Алайда зейнетақы активтерi заттық құқықтар тобына жатады. Яғни, зейнетақы жинақтарының иесi және оның зайыбы бұл жинақтарға зейнет жасына толғанда немесе заңнамада көрсетiлген басқа да жағдайлар туындамай жатып иелiк ете алмайды.

Осылайша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жатқан және алынбаған зейнетақы жинақтары ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi болып табылмайды.

2. Мен жеке кәсiпкер ретiнде тiркелiп, өзiмнiң шағын бизнесiмдi бастадым. Бiлейiн дегенiм, Қорға аударатын зейнетақы жарналарымның көлемiн қалай анықтауға болады?

Жеке практикамен айналысатын адамдар, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшiн өз пайдасына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарының көлемi алатын табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

Еске саламыз, 2019 жылы ең төменгi жалақы мөлшерi 42 500 теңге болды және алдағы 2020 жылы бұл сома өзгерiссiз қалады. Бұл ретте жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ жеке кәсiпкер алатын табыстың көлемiн өздерi айқындайды.

Табыс болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызы есебiмен өз пайдасына Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мiндеттi зейнетақы жарналарын салық агентi ақшасыз төлем жолымен жүзеге асырады.

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсiби медиаторлар, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар егер банкте шоттары жоқ болса, мiндеттi зейнетақы жарналарын кейiннен БЖЗҚ-ға аудару үшiн банкке қолма-қол ақшамен төлейдi. Мiндеттi зейнетақы жарналарын банк арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз төлеу Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелерi туралы» Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Саламатсыз ба! Менiң апам бiрiншi топтағы мүгедек. Сондықтан жұмыс iстей алмайды. Ол болашақта Қордан лайықты зейнетақы төлемдерiн алуы үшiн Қордағы шотына ерiктi жарна аудара аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ешқашан жұмыс iстемеген мүгедектер, мүгедектiк тобы мен мерзiмдiлiгiне қарамастан БЖЗҚ-дан тек ерiктi зейнетақы жарналарынан құралған жинақтар есебiнен ғана төлемдер ала алады. Сондықтан Сiздiң шешiмiңiз дұрыс.

Ерiктi зейнетақы жарналары — салымшылардың ерiктi түрде БЖЗҚ-ға өз пайдасына немесе үшiншi тұлғаның пайдасына аударатын ақша. Ерiктi жарналар апаңыздың болашақта мемлекеттiк бюджеттен алатын базалық зейнетақысына елеулi қосымша қаражат болады.

Қорға аударылатын зейнетақы жарналары бекерге жатпайды, әр түрлi қаржы құралдарына инвестицияланады. Сәйкесiнше зейнетақы шотына күн сайын инвестициялық табыс есептелiп отырады.

Айта кетелiк, ерiктi жарналардың мөлшерi мен аудару жиiлiгiн өзiңiз белгiлейсiз. Мысалы, желтоқсан айында 10 000 теңге, ал қаңтар айында 4 000 теңге аударуыңыз мүмкiн. Яғни, жарна көлемi қаржылық мүмкiндiгiңiзге байланысты.

Айтпақшы, ерiктi жинақтардың артықшылығы сол, оны 50 жасқа толған соң ала беруге болады. Бұл ретте алушы жинақ ақшасын өз қалауымен бiр рет толығымен немесе бөлiп: ай сайын, үш ай сайын немесе алты ай сайын ала алады. Бұл туралы өз өтiнiшiнде көрсетедi. БЖЗҚ-дан ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төлемдердi алуға қажеттi құжаттардың тiзiмi enpf.kz сайтында көрсетiлген.

4. Саламатсыз ба! Мен кейбiр санаттағы адамдардың Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылғанын естiдiм. Олар кiмдер?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден:

1) зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер биыл 31 желтоқсанға дейiн 59 жасқа толғанда. Ал 01.01.2020ж. бастап әйелдер зейнетке 59,5 жаста шығады);

2) бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар;

3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметтiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алатындар босатылады.

Бұл ретте бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандардың өтiнiшi бойынша Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу одан әрi жалғасуы мүмкiн.

5. Таяуда зейнетақы шотым бойынша үзiндi көшiрме алдым. Бiрнеше миллион теңге жиналып қалыпты. Алайда соңғы кезде кейбiр банктердiң таратылғанын немесе басқа банктермен бiрiккенiн көрiп жүрмiз. БЖЗҚ-ның алдында ондай қауiп жоқ па? Жинақ ақшамыздың сақталуына кiм кепiлдiк бередi?

Уайымдауға еш негiз жоқ. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған шақта мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, оның атына Қорға аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Дәл мұндай кепiлдiк әлемнiң ешбiр елiнде жоқ. Мысалы, Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерiнде зейнетақы жинақтарының сақталуына ешқандай кепiлдiк берiлмейдi. Ал Чехия, Жапония және Словакияда зейнетақы жинақтарының табыстылығына кепiлдiк қарастырылмаған. Бұл елдерде зейнетақы қорлары жарналардың атаулы құнының, яғни, инфляцияны ескермей нөлдiк инвестициялық табыстылықтың сақталуына ғана кепiлдiк бередi.

Мақаланың шыққан күні: 26.12.2019 11:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.12.2019 11:06
Қаралым саны: 120
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43