2020 жылғы 13 шілде - Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы  | Жәрдемақы мөлшерi артты. 8 және одан көп баласы бар көп балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақының мөлшерi жақында көбейдi. Бұрын мұндай төлемдер басқаша жасалатын. Бүгiн төлемдердiң мөлшерi өзгердi, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкiмет» аймақтық филиалының баспасөз қызметi
A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Жәрдемақы мөлшерi артты. 8 және одан көп баласы бар көп балалы отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақының мөлшерi жақында көбейдi. Бұрын мұндай төлемдер басқаша жасалатын. Бүгiн төлемдердiң мөлшерi өзгердi, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкiмет» аймақтық филиалының баспасөз қызметi

Жақында Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 заңына 8 және одан көп балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақының жаңа мөлшерi белгiлендi. «Аналар мен балаларды қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы № 326-VI Заңымен, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы № 63 Заңына 8 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға жаңа жәрдемақы белгiлеу нормаларына қатысты өзгерiстер енгiзiлдi.

Бұрын 8 және одан көп баласы бар отбасыларға 77 951 теңге мөлшерiнде жәрдемақы төленген.

Сонымен, 10-баптың 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес сегiз және одан да көп балаға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақы мөлшерi әр балаға 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленедi. 2020 ж. қаңтардан бастап 2651 * 4 = 10 604, ағымдағы жылдың сәуiр айында АЕК өзгеруiне байланысты, мемлекеттiк жәрдемақының мөлшерi де арттырылды — 2778 * 4 = 11 112 теңге әр балаға.

Бұл норманың күшi 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне ендi. Осылайша, 8 және оданк көп балалары бар отбасыларға бұрын тағайындалған жәрдемақының мөлшерi ағымдағы жылдың басынан бастап қайта қарастырылуда (АЕК-тi ескере отырып 01.01.2020 ж. бастап 01.04.2020ж.дейiн), айырмашылық осы санатқа жататын барлық алушыларға төленедi.

Естерiңiзге сала кетейiн, сұрақтар туындаған жағдайда сiз 1411 «Азаматтарға арналған үкiмет» телефондары арқылы әлеуметтiк-еңбек саласының байланыс орталығына жүгiне аласыз (қоңырау шалу тегiн). Байланыс орталығының жұмыс кестесi күн сайын 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
Ақмола облысы бойынша
Филиалының Баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 11.06.2020 17:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.06.2020 17:43
Қаралым саны: 156
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43