A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зеренді аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы №37-266 шешімі

«Зерендi аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 4-27 «Зерендi ауданында жиналыстар, митингiлер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн
қосымша реттеу туралы» шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы»

(нормативтiк құқықтық актiдлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде
2019 жылғы 23 мамырда №7206 тiркелген)

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Републикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зерендi аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зерендi аудандық мәслихатының «Зерендi ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы» 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5442 тiркелген, 2016 жылғы 15 шiлдеде «Зерделi–Зерендi», «Зерен» аудандық газеттерiнде жарияланған) шешiмiне келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

қосымшаның 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. Зерендi ауылында митингiлер, жиналыстар өткiзу орындары болып белгiленсiн:

аудандық Мәдениет үйiнiң алдындағы алаң, Тәуелсiздiк көшесi, 40;

алаң, Гагарин көшесi, 30.

Зерендi ауылында шерулер мен демонстрациялар өткiзу маршруты белгiленсiн:

1) Iлиясов және Әуезов көшелерi қиылысынан, Iлиясов, Фрунзе,

Тәуелсiздiк көшелерi бойынша орталық алаңға дейiн;

2) орталық алаңнан Тәуелсiздiк, Фрунзе, Чапаев көшелерi бойынша Естелiк обелискiге дейiн.».

2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы И. Поздняков
Аудандық мәслихаттың хатшысы                                                                     Қ. Ауғалиев

«КЕЛIСIЛДI»
Зерендi ауданының әкiмдiгi

Зерендi аудандық
мәслихатының 2019 жылғы
____наурыздағы №_____
шешiмiне қосымша

Зерендi аудандық
мәслихатының 2016 жылғы
10 маусымдағы № 4-27
шешiмiне қосымша

Зерендi ауданында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткiзудiң қосымша тәртiбi

1. Зерендi ауылында митингiлер, жиналыстар өткiзу орындары болып белгiленсiн:

аудандық Мәдениет үйiнiң алдындағы алаң, Тәуелсiздiк көшесi, 40;

алаң, Гагарин көшесi, 30.

Зерендi ауылында шерулер мен демонстрациялар өткiзу маршруты белгiленсiн:

1) Iлиясов және Әуезов көшелерi қиылысынан, Iлиясов, Фрунзе, Тәуелсiздк көшелерi бойынша орталық алаңға дейiн;

2) орталық алаңнан Тәуелсiздiк, Фрунзе, Чапаев көшелерi бойынша Естелiк обелискiге дейiн.

2. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу орындарында:

1) алкоголь iшiмдiктерiн iшуге, есiрткi құралдарын, психитроптық заттарды, оларға ұқсас өнiмдердi, прекурсорларды қолдануға;

2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекi, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртiптi бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ бiреуге қатысты зәбiр көрсетуге тартатын сөз сөйлеулерге жол берiлмейдi.

3. Қоғамдық тәртiп пен пикет қатысушыларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында:

1) жергiлiктi атқарушы органдар бiр күнде және бiр уақытта бiр объектiде 3-тен аспайтын жеке дара пикеттердi өткiзуге рұқсат беруге мүмкiн;

2) түрлi жеке дара пикеттерге қатысушылар бiр-бiрiнен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе айқын көрiнбей тұруы қажет.

4. Пикет өткiзу кезiнде:

1) пикет объектiнiң маңында тұруға, отыруға;

2) көрнекi үгiт құралдарын пайдалануға;

3) пикеттiң тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етiледi.

5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзуге рұқсат беруден Зерендi ауданының әкiмдiгi бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешiм шығарылса, уәкiлдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиiстi хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Мақаланың шыққан күні: 04.11.2019 18:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.11.2019 18:00
Қаралым саны: 1281
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43