2020 жылғы 13 шілде - Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы  | Жыл басынан берi салымшылардың шоттарына 661,7 млрд аса теңге аударылды
A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Жыл басынан берi салымшылардың шоттарына 661,7 млрд аса теңге аударылды

БЖЗҚ салымшыларының шоттарында жинақталған зейнетақы активтерi 2020 жылдың 1 сәуiрiне 11,7 трлн теңгеден асты. Бұл ретте БЖЗҚ активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқарып келе жатқан 2013 жылдың қыркүйек айынан1 бергi уақыт iшiнде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы есептелген инвестициялық кiрiс оның 30% — дан астамын (немесе 3,9 трлн теңге) құрады.

Шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан болған инвестициялық қызмет нәтижесiнде есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi өзгеруi мүмкiн және оны ұзақ мерзiмдi перспективада қарау қажет.

Мәселен, өткен 2019 жылы БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кiрiс 641,8 млрд теңге, яғни табыстылық 6,57%, ал инфляция 5,4% болды. 2018 жылы салымшылардың таза инвестициялық кiрiсi 977,2 млрд теңгеге жетiп, 5,3% инфляция кезiнде табыстылық 11,27% көрсеттi. Осылайша кiрiстiлiк көрсеткiштерi жылына қарай ерекшеленуi мүмкiн, алайда инфляция деңгейiнен әрдайым жоғары болып, зейнетақы активтерiнiң таза кiрiстiлiгi оң нәтиже бердi.

2020 жылдың басынан бастап 1 сәуiрдегi жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелдi, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен (96,9 млрд. теңге) салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық. Тұтастай алғанда инвестициялық кiрiс — қаржы құралдарының құнына және жалпы қаржы нарығындағы жағдайға тәуелдi белгiленбеген шама. Жекелеген қаржы құралдары есебiнен инвестициялық кiрiс шамасының уақытша төмендеуi зейнетақы активтерiнiң барлық инвестициялық портфелiн неғұрлым ұзақ кезең iшiнде әртараптандыру есебiнен өтеледi.

Зейнетақы ақшаларын инвестициялаудың басты қағидаты — олардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни қандай да болмасын бiр себептерге байланысты шығынға ұшырату тәуекелдерiн азайту. Сондықтан зейнетақы активтерi отандық және шетелдiк қор нарықтары ұсына алатын алуан түрлi, оның iшiнде ең сенiмдi қаржы құралдарына салынады. Кiрiстiлiк неғұрлым көп болса — салымдарды жоғалту тәуекелдерi соғұрлым жоғары, салымдарды жоғалту тәуекелдерi неғұрлым төмен болса — кiрiстiлiк те соғұрлым аз болады. Зейнетақы активтерiн

____________________

зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару кезiнде төленген инвестициялық табысты ескере отырып

инвестициялау үшiн қаржы құралдарын таңдау кезiнде ҚР Ұлттық Банкi тәуекел-кiрiстiлiк қатынасында барынша ақылға қонымды теңгерiмдi қамтамасыз етуге ұмтылады.

Бұған қоса зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк көзделген, ол зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған сәттегi инфляция деңгейi ескерiлген барлық зейнетақы жарналарына таралады.

БЖЗҚ 2013 жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 18.05.2020 11:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2020 11:43
Қаралым саны: 220
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43