A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Шiлдеде айындағы ең басты 5 сұрақ

1.БЖЗҚ-ның барлық салымшыларына инвестициялық табыс есептелетiнiн бiлемiн. Карантиннiң оған әсерi қандай болды?

Кәсiпорындардың көпшiлiгi карантинге қарамастан жұмысын жалғастыруда, кейбiреулерi қашықтықтан жұмыс iстеу режимiн жүзеге асырып, тиiсiнше, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын толықтыру жалғасуда. БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы қазiргi уақытта 12 триллион теңгеге жуықтады. Оған зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыс кiредi.

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетiн, есебiн БЖЗҚ жүргiзетiн зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарушы — ҚР Ұлттық Банкi түрлi қаржы құралдарына инвестициялайды.

Тәуекелдердi азайту мақсатында инвестициялық портфель инвестициялау түрлерi, бағыттары, оның iшiнде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазiргi уақытта инвестициялардың шамамен 2/3 бөлiгi теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлiгi АҚШ долларымен номиналданған.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижелерiне сәйкес күн сайын қайта есептелiп, қайта бағаланып отырады.

Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалаудан түскен табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кiрiстер және

т. б. кiредi.

Инвестициялық табыс — тұрақсыз шама және ол қысқа мерзiм iшiнде оң немесе терiс болуы мүмкiн.

Мысал үшiн салымшылар мен алушылардың шоттарына 2020 жылы есептелген инвестициялық табысты қарастыруға болады.

Ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығында, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 шiлдесiне дейiнгi уақыт iшiнде салымшылар мен алушылардың шоттарына 543,3 млрд теңге мөлшерiнде таза инвестициялық табыс есептелдi.

Қаңтар айында таза инвестициялық табыс +28,15 млрд теңгенi, ақпан айында +111,7 млрд теңгенi, наурыз айында +521,8 млрд теңгенi, сәуiр айында — 125,6 млрд теңгенi, мамыр айында 36,8 млрд теңгенi, маусымда +44,05 млрд теңгенi құрады.

2020 жылдың наурызынан бастап зейнетақы активтерiнiң инвестициялық табыстылығына теңгенiң АҚШ долларына қатысты бағамы әсерiн тигiздi.

Наурыз-маусым аралығында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшiн 381 теңгеден 403 теңгеге дейiн өстi. Валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерiн оң валюталық қайта бағалау зейнетақы активтерi бойынша таза инвестициялық табыстың елеулi өсуiне әсер еттi.

Зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерiн кем дегенде 1 (бiр) жыл кезеңде талдаған дұрыс екендiгiне назар аударамыз. Қысқа мерзiмдi деректер (күн сайынғы, ай сайынғы және т. б.) көрсеткiш бола алмайды, олар күнделiктi нарықтық жағдайға тәуелдi.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың мамыр айына дейiн зейнетақы активтерiн басқару кезеңiнде Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемiнiң 30% астамын немесе 3,8 трлн теңгенi құрады.

Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерiн есепке алудың барлық жүйесi айқын. Әрбiр салымшы өзiнiң инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетi арқылы бақылай алады. Олар БЖЗҚ зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтерi орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат алу мүмкiндiгiне ие.

Бұл ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде жарияланып отырады.

2.Мен елiмiздiң көп азаматтары сияқты жұмыссыз қалдым. Тиiсiнше, алимент төлеуге мүмкiндiгiм жоқ. Бұрынғы әйелiм менiң қарызымды зейнетақы жинақтарым есебiнен сот арқылы өтетiп алатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетуде. Олай етуi мүмкiн бе?

Заңның 50-бабы 3-тармағына сәйкес салымшының (алушының), «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктiң және инвестициялық портфельдi басқарушының борыштары бойынша, оның iшiнде аталған субъектiлер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда мiндеттi зейнетақы жарналарына, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына, өсiмпұлдарға, зейнетақы активтерi мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндiрiп алуды қолдануға жол берiлмейдi.

Сонымен қатар «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14-тармақшасына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндiрiп алуға болмайды.

Жоғарыда көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiне сүйенетiн болсақ, салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндiрiп алуға жол берiлмейдi.

Салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi салымшылар (алушылар) ұсынған банктiк деректемелерге, тиiсiнше, БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын салымшылар (алушылар) ұсынған банктiк деректемелерге аударғаннан кейiн жүзеге асырылып, ақша олардың Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде ашылған банктiк шоттарында болады. БЖЗҚ мiндеттемесi салымшының (алушының) банктiк деректемелерiне ақша аударылғаннан кейiн орындалды деп есептеледi.

3.Менiң шағын Жеке Кәсiпкерлiгiм (ЖК) бар. Карантинге байланысты оның жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болдым. Тиiсiнше, осы кезең үшiн салықты да төлей алмай отырмын. Бiрақ зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiм тоқтамағанын қалаймын. Ол мүмкiн бе?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.

Осы Заңның 4-бабына сәйкес Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн беру кезiнде мiндеттi зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi ретiнде есепке алынады.

«Салық салу мәселелерi бойынша «Экономиканы одан әрi тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi бұдан былайғы шаралар туралы» № 224 қаулыға сәйкес қызмет түрi бойынша 01.04.2020ж. бастап 01.10.2020ж. дейiнгi кезеңде қызметкерлердiң табыстарынан салықтар, жарналар мен аударымдардан босатуға жататын компаниялар анықталды. Осы жерде айта кеткен жөн, табысы болмаған кезеңде ЖК өз қызметкерлерi үшiн жарна аударуға құқылы, бiрақ бұл олардың мiндетi болып есептелмейдi. Өз қызметкерлерiнiң табыстарынан алынатын мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесiне «0» түзету коэффициентi қолданылған жағдайда қызметкерге жалақы одан мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстамай аударылады (төленедi).

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығымен бекiтiлген «Төтенше жағдай кезеңiнде әлеуметтiк-еңбек саласында мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлiк және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларының» 24-5 тармағына сәйкес қызметi "0" коэффициентi қолданылатын қызмет түрлерiнiң тiзбесiнде көзделген адамдардың зейнетақы жүйесiне және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысу өтiлi, сондай-ақ табысы жұмыс берушiнiң анықтамалары негiзiнде ескерiледi.

Базалық және еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақыны зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiн ескере отырып есептеу мәселелерi бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» АҚ-қа хабарласуға кеңес беремiз, мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударылатын жарналар мен аударымдардың мөлшерлемесiне «0» түзету коэффициентiн қолдануға қатысты мәселелер бойынша «Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» АҚ-қа, ал салық төлеу бойынша сұрақтарыңыз болса — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiне жүгiнгенiңiз абзал.

4.Карантин шаралары тоқтатылған соң Украина елiне барғымыз келедi, онда көмек пен күтiмге зәру ерлi-зайыптылар, егде жастағы әке-шешемiз тұрады. Зейнетақы жинақтарын алу үшiн не iстеу қажет?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрғылықты тұратын жерге (ТТЖ) кетуге байланысты БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрғылықты тұратын жерге кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие. Баса назар аударатын жәйт — басқа мемлекеттiң азаматтығын алмас бұрын мiндеттi түрде заңнамамен белгiленген тәртiпте ҚР шегiнен тыс ТТЖ-ға кету құжаттарын ресiмдеп, тек өзге мемлекеттiң азаматтығын алғаннан кейiн ғана БЖЗҚ-ға құжаттар тапсыру керек.

Заңның 33-бабының ережелерiне сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрғылықты тұратын жерге кететiн немесе кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген кету ниетiн немесе кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие.

Осылайша шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес құжаттар топтамасын толықтай ұсынғаннан кейiн БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын төлеудi БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» — «Алушыларға» — «ҚР шегiнен тыс кетуге байланысты зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу тәртiбi» бөлiмiнде орналастырылған.

5.Менiң әкем 2 топтағы мүгедек және жақында ол кiсi 63 жасқа толады. Төлемдердi, соның iшiнде БЖЗҚ-дан төлемдердi ресiмдеу үшiн қалай және қайда жүгiнуге болады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы белгiлi бiр жағдайларда, соның iшiнде зейнет жасына (ерлер 63 жаста) толған, сондай-ақ мерзiмсiз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектiгi тағайындалған кезде туындайды.

Егер сiздiң әкеңiз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты ресiмдейтiн болса, оған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына ХҚО арқылы өтiнiшпен жүгiну қажет. Осы өтiнiшi бойынша ол кiсiге зейнетақы жинақтарынан төлемдер де, мемлекеттiк бюджеттен берiлетiн (базалық және ортақ) зейнетақы да тағайындалады. ХҚО-ға 63 жасқа толғанға дейiн 10 күн бұрын хабарласуға болады.

Егер әкеңiздiң мүгедектiгi мерзiмсiз уақытқа тағайындалса және зейнетақы төлемдерiн алуға байланысты өтiнiштi зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн берудi көздесеңiз, онда мұны enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» — «Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру» бөлiмiне кiру арқылы жүзеге асыруға болады.

 

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2020 17:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.08.2020 17:01
Қаралым саны: 284
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43