A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Қазақстанның зейнетақы жүйесi көрсеткiштерiн әлем елдерiмен салыстырсақ

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк сайтындағы (www.enpf.kz) «Әлемнiң зейнетақы жүйелерi» бөлiмiнде жинақтаушы зейнетақы жүйесi бар елдердiң негiзгi көрсеткiштерiне шолу жарияланған. Онда «БЖЗҚ» АҚ мамандары Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) мен Қазақстанды салыстырды. Негiзге ЭЫДҰ, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және БЖЗҚ статистикалық деректерi алынды.

Шолуда жетi ел ұсынылған, олар — Австралия, Дания, Израиль, Мексика, Чили, Эстония және Қазақстан. Барлық елдердiң IЖӨ көлемi, халық саны, зейнеткерлiкке шығу жасы, зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi және тағы басқалар әртүрлi сипатқа ие. Алайда олардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесi бiрiктiредi және кез келген адам мынадай сiлтеме (https://www.enpf.kz/ru/pension-system/world/obzor-osnovnykh-pokazateley-stran-s-nakopitelnoy-pensionnoy-sistemoy.php) бойынша өтiп, материалмен толық таныса алады.

Сондай-ақ, корпоративтiк сайтта Армения, Норвегия, Малайзия, Сингапур және Швецияның зейнетақы жүйелерi бойынша ақпарат ұсынылған. Қор мамандары кестелер мен сызбаларды қолдана отырып, қазақ және орыс тiлдерiнде ыңғайлы пiшiмдегi материалдар дайындады. Бұл бөлiмдi шетелдiк мемлекеттер бойынша жасалған жаңа шолулар мен статистикалық деректер үнемi толықтырып отыратын болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2020 16:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.08.2020 16:59
Қаралым саны: 275
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43