A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
«БЖЗҚ» АҚ-ның салымшылары 90 пайыздан астам қызмет түрлерiн онлайн режимiнде алуда

Қазақстанның кейбiр қалаларында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты жалғасып жатқан карантинге қарамастан Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары қызметтердi толық көлемде алуда.

2020 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ қызметтерiнiң 90% астамы электрондық форматта көрсетiлдi. Қазiргi заманға сай дамыған технологиялардың және Қордың ақпараттық жүйелерiнiң сапалы жұмысының арқасында салымшылар қызметтердiң көп бөлiгiн үйден шықпай-ақ ала алады.

2020 жылдың алғашқы бес айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 8,2 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi, нақтырақ айтқанда 8 264 756. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 7,3% жоғары. Барлық қызметтердiң 91,1% немесе 7,5 миллионы электрондық форматта көрсетiлдi. Қазiргi уақытта ең танымал қызмет жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу болып табылады: бұл қызметтi 7,7 миллионнан астам салымшы таңдаған. Ол 2019 жылдың 1 маусымындағы көрсеткiштермен салыстырғанда 22,6% өстi. 7,5 миллионға жуық үзiндi көшiрме электронды түрде алынды.

Естерiңiзге сала кетейiк, ресми сайттағы және БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте үзiндi көшiрменi ғана емес, БЖЗҚ ұсынатын бiрқатар қызметтердi де алуға болады. Мысалы, өз деректемелерiңiзге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiк белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлем жасау және (немесе) көшуге берiлген өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау және т.б.

БЖЗҚ-ның алдына қойған мiндеттерiнiң бiрi — сапалы консультациялық қызметтер көрсету және Қор салымшылары мен алушыларына арналған ақпараттық арналарды барынша дамыту. Осылайша ағымдағы жылдың бес айында өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда керi байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтiнiштер саны шамамен екi есеге өстi. 2020 жылы 558 005 өтiнiш жасалса, 2019 жылдың осы кезеңiндегi өтiнiш саны — 253 063.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) call-орталықтан кеңес ала алады, сонымен қатар +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары арқылы www.enpf.kz корпоративтiк сайтында, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 04.08.2020 16:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.08.2020 16:52
Қаралым саны: 267
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43