A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi) Кодексiнiң 363 б. 2 т. сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiне және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыру мiндетi жүктелген жеке тұлғалар кiрiстерi және салық салу объектiсi болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегiнен тыс жердегi де мүлкi туралы декларацияны тапсырады. Салық Кодексiнiң 364 б. 1 т. сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жерi бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады, яғни (2018 жылға арналған 230.00 СЕН)2019 жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылуы тиiс.

Сонымен қатар, декларацияны электронды түрде "Салық төлеушiнiң кабинетi" Web-қосымшасы арқылы мына мекен-жай бойынша беруге болады: http://cabinet.salyk.kz немесе салық төлеушi үшiн-салық есептiлiгiн өңдеу жүйесi (СЕӨЖ) арқылы тапсыруға болады. Декларацияны электрондық түрде тапсыру үшiн мемлекеттiк қызметшiлер жеке криптографиялық кiлттердi алуы қажет. Салық есептiлiгiн электронды түрде ұсыну артықшылықтарының бiрi салық органына келместен салық есептiлiгiн жiберу және салық органына оны тапсыру туралы анықтама алу және салық есептiлiгiн салық төлеушi үшiн қолайлы кез келген уақытта, оның iшiнде мереке және демалыс күндерi жiберу, сондай-ақ салық есептiлiгi мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда баяндалғанның негiзiнде, салық салу объектiсi болып табылатын табыстар мен мүлiк туралы декларациялар мен мәлiметтердi мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамның, мемлекеттiк қызметтен терiс себептермен босатылған адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде қасақана бермеуi немесе толық емес, дұрыс емес декларациялар мен мәлiметтердi ұсынуы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осыған байланысты, декларацияларды тапсырар алдында табыс пен мүлiк туралы толық емес мәлiметтердi ұсыну немесе дәйексiздiкке жол бермеу мақсатында келесi мәлiметтер болуы тиiс:

1) тиiстi жылғы табысы туралы анықтама;

2) меншiк құқығын растайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттар (бар болса););

3) көлiк құралдарының техникалық паспорты (бар болса);

4) жарғылық капиталға қатысу үлесi (жер пайлары) және т. б. туралы мәлiметтер.

Туындаған сұрақтар бойынша келесi телефон нөмiрiне хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (716 32) 22-4-39

Зерендi ауданы бойынша
мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 30.01.2019 16:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.01.2019 16:06
Қаралым саны: 3445
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43