A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Алгоритмді жеңілдету-уақытты үнемдеу

«БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсетудi одан әрi жетiлдiруде. Ендi Қор сайтында негiзгi төлем түрлерi бойынша ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеруге болады.

enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлiмiнде салымшылар мен төлем алушыларға ыңғайлы болу үшiн қажеттi құжаттарды пошта байланысы арқылы Қорға ұсынылуы мүмкiн төлем түрлерiне сәйкестiгiн тексеру мүмкiндiгi бар.

Сайтта құжаттарды тексеру қызметiн келесi тұлғалар ала алады:

- ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiне құқығы барлар;

- мерзiмсiз уақытқа тағайындалған 1,2 топтардағы мүгедектiгi барлар;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға қоңыс аударғандар;

- қайтыс болған салымшы / алушының зейнетақы жинақтарының мұрагерлерi.

Құжаттарды алдын ала онлайн-тексеру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына ХҚО арқылы жасына байланысты төлемдердi алуға құжаттарды ұсынған кезде және жерлеуге төлемдер алу кезiнде жүзеге асырылмайды, себебi мұндай құжаттар Қорға жеке жүгiнген кезде берiледi.

Құжаттарды алдын-ала тексеру үшiн бiрнеше қарапайым қадамды орындау керек:

- сканердi баптау;

- форматы — A4 қағазын пайдалану;

- құжаттарды jpg/tif форматында сканерлеу және сақтау;

- көп парақты құжаттар бiр файлда сақталуы тиiс;

- түсi бойынша сканерлеген кезде, суреттiң сапасы 300 dpi форматында қолданылуы тиiс, себебi бұл формат құжаттардың анықтығы мен оқылуын қамтамасыз етедi.

Ұсынылатын құжаттар келесi шарттарға сәйкес келуi керек:

- зейнетақы төлемдерiнiң түрi бойынша, сканерленген құжаттардың толық пакетi зейнетақы төлемдерiнiң түрiне және оларды БЖЗҚ-ға ұсыну әдiсiне байланысты құжаттардың тiзбесiне сәйкес ұсынылуы тиiс;

- зейнетақы төлемдерiнiң түрлерi бойынша барлық құжаттарды түрлi түстi сканерлеу қажет (құжаттың түпнұсқасы талап етiлген жағдайда құжаттың түпнұсқасын сканерлеу қажет, бұл ретте-шетелдiк паспорттың/азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң/Қазақстан Республикасы азаматының паспортының түпнұсқасынан белгiлерi бар сканерленген беттердi ұсынуға жол берiледi);

- түрлi түстi сканерленген әрбiр көшiрменiң өлшемi 2 МБ-тан аспауы тиiс.

Зейнетақылық төлем түрiне және БЖЗҚ-ға өтiнiш беру әдiсiне байланысты құжаттар тiзiмi «Алушыларға қызметтер» бөлiмiнде қолжетiмдi.

Бұл қызметтi алу үшiн сiз https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php сiлтемесiне өтуiңiз керек.

Аталған қызмет түрi уақытты үнемдейдi және барлық қажеттi құжаттарды түзетуге/толықтыруға мүмкiндiк берiп, қойылған талаптарға сай болуға септiгiн тигiзедi.

Мақаланың шыққан күні: 01.08.2019 09:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.08.2019 09:33
Қаралым саны: 1394
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43