A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Құрметті Зеренді ауданының тұрғындары!

Егер Сiздiң ЭЦҚ-ңыздың әрекет ету мерзiмi аяқталуға жақын қалса, Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталында ұзартуыңызға болады. Бұл үшiн Сiзге өзiңiздiң жеке кабинетiңiзге кiрiп, келесi алгоритм бойынша әрекет ету қажет:

 — Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректердi толтырыңыз

- «Кiлттер тiзiмiн жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзiн (паролiн) дұрыс енгiзген кезде аутентификация кiлтi бейнеленедi. Қол қойып, әрi қарай жұмысқа кiрiсемiз.

ЭЦҚ кiлттерiмен жұмыс жасау үшiн «Менiң ЭЦҚ кiлттерiм» бөлiмiне көшемiз. Ашылған мәзiрден «ЭЦҚ кiлттерiн қайта шығару» тармағын таңдаймыз.

Бұдан әрi негiзгi жолдарды толтырыңыз, «Өтiнiм беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

Егер ЭЦҚ-ны сақтау үшiн сiз компьютердi таңдасаңыз, өзiңiздiң ЭЦҚ кiлттерiңiзге құпиясөз (пароль) ойлап табыңыз және енгiзiңiз, одан кейiн «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Құпиясөзде төменгi және жоғарғы регистрдегi латын әрiптерi, сондай-ақ сандар болуы тиiс. Құпиясөздiң ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

«Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басқан соң тiркеу куәлiктерiн сәттi орнатқаныңыз туралы хабарлайтын терезе пайда болады.

Мақаланың шыққан күні: 12.02.2020 09:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2020 09:43
Қаралым саны: 965
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43