A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ-да автоматты түрде 400 мыңға жуық шот ашылды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу рәсiмiнiң оңайлатылғанына бiр жыл болды. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн БЖЗҚ-ның жергiлiктi кеңсесiне келудiң қажетi жоқ. Алғашқы жарна келiп түскен сәтте, шот автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаның аты-жөнi, басқа да жеке деректемелерi жарнаға қатысты төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша расталады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Осылайша 2019 жылы Қорда МЗЖ бойынша автоматты түрде барлығы 398 376 шот ашылды.

Автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат салымшыға Қор кеңсесiне тiкелей келген кезiнде хабардар етiледi. Алайда зейнетақы шотынан ақпарат алудың ыңғайлы тәсiлiн таңдасаңыз, Қор сайтының жеке кабинетiне тiркелiп, зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйiн Қор сайты немесе мобильдi қосымшасы арқылы кез келген уақытта бақылай аласыз. Сонымен қатар жеке кабинетте зейнетақы шоты бойынша үзiндi көшiрменi алып, одан зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн және басқа да ақпараттарды көруге болады.

Жеке кабинетке қол жеткiзу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне немесе «Қазпошта» АҚ бөлiмшесiнiң трансфер-агентiне жүгiнiп, шоттан ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге өтiнiш беру қажет.

Ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдаған соң, Қор қызметкерi enpf.kz сайты және мобильдi қосымша арқылы жеке кабинетке тiркелуге көмектеседi. Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор сайтының жеке кабинетiнде ақпарат алу тәсiлiн дербес түрде өзгерте аласыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2020 15:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.02.2020 15:33
Қаралым саны: 1045
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43