A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Онлайн

Карантинге сәйкес, жүктi аналар ғаламтор арқылы 200-ден астам декреттiк жәрдемақы алды. Сондай-ақ, үйден шықпай-ақ, 260-тан астам ана бала туып, оған бiр жылға дейiн күтiм жасау бойынша жәрдемақы алды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкiмет» Ақмола филиалының баспасөз қызметi.

Қазақстанда төтенше жағдайға байланысты ХҚО жұмысы уақытша тоқтатылғалы берi 10 мыңнан астам әйел жүктiлiк және босануына байланысты табысынан айырылу төлемiн, 20 мың отбасы баланың туылуына және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне берiлетiн жәрдемақыны онлайн рәсiмдеген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бұрын тек ХҚО арқылы көрсетiлген қызметтер, оның iшiнде жүктiлiкке байланысты жәрдемақы бойынша өтiнiштердi порталдағы «Электронды өтiнiштер» сервисi арқылы қабылдау мүмкiндiгiн жасады.

Декрет демалысына шыққан жүктi әйелдер egov.kz порталында авторизациядан өтiп, «Электронды өтiнiштер» сервисiн таңдап, жеке құжаты мен жұмыс iстеу қабiлетiнен айырылу парағының скан көшiрмесiн және төлем аударылуы тиiс банк шотын қоса жолдауы тиiс.

Ендi ғана балалы болған отбасылар үшiн egov.kz порталының «Отбасы» — «Бала» бөлiмiнде баланың туылуына және оның күтiмiне байланысты жәрдемақыларды рәсiмдеу мүмкiндiгi бар.

Айта кетейiк, порталды пайдалану үшiн ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгiнде порталда қашықтан рәсiмдеуге болады.

Сондай-ақ Мобильдi азаматтар базасында тiркеуi бар жас аналар проактив қызметiн пайдалана алады. Ол арқылы баланың тууын тiркеп, тиiстi жәрдемақыны рәсiмдеп, сәбидi балабақша кезегiне қоюға болады.

Мақаланың шыққан күні: 17.04.2020 17:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2020 17:55
Қаралым саны: 726
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43