A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
БЖЗҚ салымшылары 11 миллионнан астам қызметті онлайн форматта алды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша өз салымшыларына 11,8 миллион қызмет көрсеттi. 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда көрсеткiштер аздап, 0,9%-ға төмендедi. Бұл ретте қауiптi вирустың таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бiрқатар шектеу шараларын қабылдауға тура келген эпидемиологиялық жағдайға және коронавирустық iндетке (COVID-19) қарамастан БЖЗҚ салымшылары қызметтердi толық көлемде алуды жалғастырды.

БЖЗҚ салымшыларына көрсетiлген қызметтер көлемiн жоғары деңгейде сақтап қалуға Қордың электрондық жүйелерiнiң озық жұмыс iстеуiнiң арқасында қол жеткiзiлдi. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiне көрсетiлген барлық қызметтердiң 92,4% немесе 10,9 млн. операция онлайн-форматта өткiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердiң танымалдығы 13,2% өстi. БЖЗҚ-ның сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинет арқылы салымшылардың көпшiлiгi үйден шықпай-ақ бiрқатар қызмет түрлерiн ала алады, олар: жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу, жеке зейнетақы шотының деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң мерзiмсiз уақытқа белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге және (немесе) көшуге байланысты берiлген өтiнiштiң орындалу мәртебесiн қадағалау және т.б.

Шектеу шаралары жеңiлдетiлiп, Қор филиалдары күндiзгi жұмыс режимiнде ашылғаннан кейiн қабылдауға алдын ала жазылу, желдету, ылғалды жинау және дезинфекциялау сияқты барлық қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, салымшылардың бiр бөлiгiне Қордың кеңселерiнде қызмет көрсетiле бастады. 2020 жылдың сегiз айында филиалдарда 820,8 мың қызмет көрсетiлдi.

БЖЗҚ-ның Барып қызмет көрсету бөлiмдерi 1 қыркүйектегi жағдай бойынша Қор салымшыларына 74,4 мың қызмет көрсеттi. Қазiргi уақытта осы бөлiмдер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтап, штат санының 50%-дан аспайтын санын тарта отырып, жұмыс iстеуде. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтердi онлайн немесе жүзбе-жүз алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштер) және халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын (1-2 топтағы мүгедектер) салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсету қажеттiлiгi туындаған жағдайда, олар барып қызмет көрсетудi барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ-ның кейбiр қызметтерiн «Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторының 300 бөлiмшесiнен де алуға болады. Мәселен, салымшылар үшiн бұрын жақын маңдағы iрi елдi мекендерге бару қажет болған қызметтердi және БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ ауылдардағы қызметтердi де алу мүмкiндiгi пайда болды. Осылайша жыл басынан берi «Қазпошта» бөлiмшелерi арқылы салымшылар 2392 қызмет алды.

Айта кетейiк, БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшiн ақпараттық арналарды дамыту. Ағымдағы жылдың 8 айында өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда салымшылардың керi байланыс арналары арқылы жасаған өтiнiштерiнiң саны 2,4 есеге ұлғайды, 2019 жылдың сәйкес кезеңiнде 410,7 мың өтiнiш берiлсе, 2020 жылы 942,3 мың өтiнiш берiлдi.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi арқылы (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) байланыс орталығына қоңырау шалып, кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестердi www.enpf.kz корпоративтiк сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары арқылы және БЖЗҚ-ның Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi ресми парақшаларынан алуға болатынын естерiңiзге саламыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 28.10.2020 23:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.10.2020 23:08
Қаралым саны: 62
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43