A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған байқау

Биыл Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттерi арасында — «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттiк жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет бiлдiрушi студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.

Байқауға қатысу үшiн студент жеке өзi немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бiрге жоба әзiрлеуi қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерiктi жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиiмдi жеткiзуге бағытталуы тиiс. Яғни, ақпаратты әр түрлi байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс iстеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т.б.), IT шешiмдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т. б.) және басқа да әдiстер арқылы халыққа жеткiзетiн дайын әрi тиiмдi шешiм болуы қажет.

Қиялға ерiк берiп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздiк идеялар үшiн бағалы сыйлықтар табыс етiледi. Олардың iшiнде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар.

Талпынып, әрекет етiп көр, жас дос! Дәл осы байқау сенiң өмiрiңе оң өзгерiстер енгiзуi ғажап емес! Дәл сенiң жобаң Қордың салымшылары мен алушылары арасында сұранысқа ие болуы мүмкiн! Толық ақпарат Қордың www.enpf.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлiмi мен әлеуметтiк желiлердегi ресми парақшаларында.

Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтiнiмi, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттердi student@enpf.kz электрондық поштасына жiберу керек. Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментiне 8 (727) 331-66-99 (iшкi 5220) телефон нөмiрi арқылы хабарласуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2019 15:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2019 15:00
Қаралым саны: 1046
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43