A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Салықтөлеушілердің назарына! 100 күн ішінде 100 смартфон: Қазақстанда «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары «Чектi талап ет — жүлденi ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетi фискалдық деректер операторымен бiрлесiп өткiзедi.

Акция кезiнде Қазаұстанның әрбiр тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметтi қолдану кезiнде смартфон ұтып алу мүмкiндiгiне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төленген сомаға берiлетiн чектердi «Таңдау» мобильдiк қосымшасында тiркесе болды. Акцияға тек деректердi тiркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерiн (Онлайн БКМ) чектерi қатысады.

Акцияны өткiзудiң мақсаты азаматтық белсендiлiктi арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретiндегi өз мүдделерiн қорғау бойынша құқықтық мәдениетiн қалыптастыру, көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту болып табылады.

«Чектi талап ет — жүлденi ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу кезiнде Онлайн БКМ чектерiн алған Қазақстанның жасы 18-ден жоғары азаматтары қатыса алады.

Қатысушы жәнечек туралы мәлiметтердi тәркейтiн «Таңдау» тегiн мобильдi қосымшасы App Store,Google Play market-те қолжетiмдi.

Акция шарттары бойынша чектiң берiлген күнi мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиiс. Бiр қатысушы тiркейтiн чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс iстеу жөнiндегi нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезiнде100 смартфон ойнатылады.

Зерендi ауданы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Мақаланың шыққан күні: 16.05.2019 09:38
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.05.2019 09:38
Қаралым саны: 1008
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43