A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
Зейнетақы және базалық зейнетақы төлемі бойынша сұрақтар және жауаптары

Мен неше жасымда зейнеткерлікке шығамын? (Сұрақты 19.10.1963 ж.т. әйел қойған):

1963 жылдың екінші жарты жылдығында туған әйелдер, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету » туралы 21 маусым 2013ж №105-V Заңының 11 бабына сәйкес (ары қарай Заң) 62 жасқа толғанда зейнеткерлікке шыға алады.

Әйелдердің зейнет жасының кезең-кезеңімен өсуі бойынша сызбасы
Жыл Зейнет жасы Туған ай -жылы
2018ж 1 қаңтардан 58 жас 6 ай 1960ж 1 қаңтардан - 1960ж 30 маусым
2019 ж 1 қаңтардан 59 жас 1960ж 1 шілдеден -1960ж 31 желтоқсан
2020 ж 1 қаңтардан 59 жас 6 ай 1961ж 1 қаңтардан - 1960ж 30 маусым
2021 ж 1 қаңтардан 60 жас 1961ж 1 шілдеден -1961ж 31 желтоқсан
2022 ж 1 қаңтардан 60 жас 6 ай 1962ж 1 қаңтардан - 1962ж 30маусым
2023 ж 1 қаңтардан 61 жас 1962ж 1 шілдеден-1962ж 31 желтоқсан
2024 ж 1 қаңтардан 61 жас 6 ай 1963ж 1 қаңтардан - 1963ж 30маусым
2025 ж 1 қаңтардан 62 жас 1963ж 1 шілдеден -1963ж 31желтоқсан
2026 ж 1 қаңтардан 62 жас 6 ай 1964ж 1 қаңтардан - 1964ж 30 маусым
2027 ж 1 қаңтардан 63 жас 1964ж 1 шілдеден-1964ж 31желтоқсан

3 топтағы мүгедек ретінде жәрдемақы аламын, жақында зейнет жасына толамын. Бірақ 1998 ж 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілімді растай алмаймын және 1 қаңтар 1998жылдан міндетті зейнетақы аударымдарым жоқ. Маған базалық зейнетақы төлемі тағайындала ма?

Заңға сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі (БЗТ) еңбек өтілі және зейнет жүйесіне қатысуы 10 жылдан төмен немесе мүлдем болмаған жағдайда, Республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес тиісті қаржылық жылға бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% төленеді. (2019ж ылдың еі төменгі күнкөріс деңгейі 29698 тг, БЗТ 2019ж еңбек өтілі және зейнет жүйесіне қатысуы 10 жылдан төмен немесе мүлдем болмаған санаттағыларға 29698*54%=16037 теңге).

Еңбек кітапшамды толтыру кезінде кадрлар бөлімі менің тегімде қате жіберген. Зейнеткерлікке шыққанда қандай мәселелер болуы мүмкін?

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015ж 30 қарашадағы Нысанды бекіту туралы №929 Бұйрығы негізінде еңбек кітапшаны толтыру және сақтау Ережелері, тегін, атын, әкесінің атын (егер бар болған жағдайда) және туған жылын өзгерту туралы жазбаларды жеке куәлік, неке туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктеріне сәйкес соңғы жұмыс орны өзгерте алады. Егер жұмыс орны жабылған болса еңбек өтілін мұрағаттық анықтама арқылы растай алады.

Егер құжаттарым жоғалған жағдайда еңбек өтілімді растау туралы мұрағаттық анықтаманы қалай алуыма болады?

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес мұрағаттық анықтама, мұрағаттық құжаттардың көшірмесі немесе мұрағаттық үзінділер, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің 17 сәуір №138 Бұйрығына сәйкес, мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының мұрағаты көрсетеді. Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1). «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ;

2). «Электрондық үкімет» веб-портал www.egov.kz арқылы жүзеге асады.

Егер мұрағатта еңбек өтілі туралы мәліметтер сақталмаған жағдайда сот шешімі бойына расталады.

Менің 36 ай бойынша орташа жалақым 193 000 теңгені құрайды, зейнетақы тағайындау барысында неге толық көлемде саналмайды?

Заңға сәйкес, жасы бойынша зейнетақыны есептеуде ұсынылған табыс 46 айлық көрсеткіштен аспауы тиіс, Республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес тиісті қаржылық жылға бекітілген(2019 жылдың айлық көрсеткіші 2525 тенге, сондықтан зейнетақыны есептеу барысында ең жоғарғы ұсынылатын табыс 2525*46=116150 тенгені құрайды).

Мен 1992 жылдан, мүгедек баланы күтуіме байланысты, жұмыс істемедім, зейнеткерлікке шыққан кезде осы күтім бойынша отырған уақытым еңбек өтіліне санала ма?

Заңға сәйкес, жасы бойынша зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне: бірінші топтағы мүгедек жандарды күту уақыты, жалғыз басты екінші топтағы мүгедек немесе жасы бойынша зейнеткерді (басқаның көмегіне зәру) күту уақыты, сексен жастан асқан қарт адамдарды және 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы күту уақыты зейнетақы есептеуде еңбек өтіліне саналады.

Еңбек өтілін растау үшін осы санатқа жататын азаматтарды күту уақытын сот шешімімен растау қажет.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Ақмола облысы бойынша филиалы

Мақаланың шыққан күні: 07.11.2019 10:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.11.2019 10:59
Қаралым саны: 965
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43