A- A A+
Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Қаз |  Рус
2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында БЖЗҚ салымшылары 8,5 миллионнан аса қызметтi онлайн форматта алды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуiне және коронавирустық инфекциямен (COVID-19) сырқаттану жағдайларының көбеюiне байланысты қауiптi вирустың таралуына жол бермеу және қызметкерлер мен халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында бiрқатар шектеу шараларын енгiзген болатын және өңiрлiк филиалдардың бiр бөлiгi қашықтықтан және байланыссыз қызмет көрсету режимiне ауыстырылып, жұмыстарын сол тәртiппен жалғастыруда. Десек те, бiрқатар шектеулерге қарамастан, БЖЗҚ салымшылары қызметтердi толық көлемде алуда.

Жаңа технологиялардың қарыштап дамуы мен электрондық жүйелердiң дұрыс жұмыс iстеуiнiң арқасында қазiр «БЖЗҚ» АҚ қызметiнiң 90% — дан астамы онлайн түрде көрсетiлуде. Осылайша, бiздiң салымшылар қызметтердiң толық спектрiн өз денсаулығына қауiп төндiрмей, үйден шықпай-ақ ала алады. Атап айтқанда, БЖЗҚ-ның ресми сайтында және ұялы қосымшасында орналастырылған Жеке кабинеттiң көмегiмен салымшы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiк белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлем жасау, көшу және көптеген басқа да мәселелер бойынша берiлген өтiнiштiң мәртебесiн қадағалау сияқты қызметтерге қол жеткiзе алады.

2020 жылдың 1 шiлдесiне БЖЗҚ салымшыларына 9,4 миллионға жуық қызмет көрсетiлдi. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 2,7% — ға жоғары. Барлық қызметтердiң 91,4% немесе 8 566 698 операция электрондық форматта жүргiзiлдi. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн формат танымалдығы 16,4% — ға өстi.

Кейбiр өңiрлерде алдын ала жазылу бойынша күндiзгi қызмет көрсету (филиалдың барлық қызметкерлерiнiң 50% — дан аспайтын құрамын жұмыспен қамтумен) режимi сақталғанына, ал қалған облыстардағы БЖЗҚ бөлiмшелерi бiрқатар шектеу шараларын қалдырғанына қарамастан, кейбiр салымшыларға бұрынғысынша Қор кеңселерiнде қызмет көрсетiледi. Бiрiншi жартыжылдықта бiздiң филиалдарда 730 911 қызмет ұсынылған екен.

Естерiңiзге сала кетейiк, Қордың кезекшi қызметкерлерi алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтiк қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды одан әрi жалғастыруда. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (ерекше жағдайларда Қор қызметiн тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтiнiштердi ресiмдеу;

- мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi, оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштердi ресiмдеу.

Қызметтердiң басқа түрлерiн БЖЗҚ-ның корпоративтiк сайтындағы, не ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы алуға кеңес беремiз.

БЖЗҚ-да барып қызмет көрсететiн бөлiмдер де бар. Қазiргi уақытта ол қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, штат санының 50% аспайтын бөлiгiн тарта отырып жұмыс iстейдi. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның iшiнде қызметтi көзбе-көз алу мүмкiндiгiн тексеру) жүзеге асырылады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтiнiштердi (оның iшiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiштердi) ресiмдеу және халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары санатына жататын салымшыларға (алушыларға) (1-2 топ мүгедектерiне) қызмет көрсету үшiн барып қызмет көрсетуге қажеттiлiк туындаған жағдайда олар барып қызмет көрсетудi барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, жүзеге асырады. Барып қызмет көрсету барысында 2020 жылдың 6 айы iшiнде 74 341 операция орындалды.

БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және Қордың салымшылары мен алушыларына бағытталған ақпараттық арналарды дамыту. Осылайша, ағымдағы жылдың алты айында өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда керi байланыс арналары бойынша салымшылар жасаған өтiнiштер саны iс жүзiнде 2,5 есеге артты, 2020 жылы 666 905 өтiнiш қаралған болса, 2019 жылдың осындай кезеңiнде 298 554 өтiнiш қабылданған.

БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмiрi бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) call-орталықтан кеңес ала алады, сонымен қатар www.enpf.kz корпоративтiк сайтында, +7 777 000 14 18 нөмiрi бойынша Whatsapp және Viber чат-боттары арқылы, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтiк желiлерiндегi БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында кеңес алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 17.08.2020 15:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.08.2020 15:31
Қаралым саны: 273
Бейнегалерея

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Аудан әкімінің қабылдау бөлмесі:

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 67, индекс 021200

8 (71632) 21-2-70, факс: 8 (71632) 22-7-47

zerenda_kanz@aqmola.gov.kz

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 21-7-22
Қызметтік әдепті сақтау мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: 8 (71632) 22-4-43